
Құрметті ата-аналар!
Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында кезекті есепке алудың Бірыңғай базасы әзірленді. Жаңа модель отбасылық сұраныстарға негізделген төрт балабақшаны таңдауға мүмкіндік береді.
2024 жылғы 22 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан облысында кезектілік бойынша мәліметтерді Бірыңғай базаға көшіру басталады. Осыған орай, ағымдағы жылғы 22 мамырдан бастап кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімі тоқтатылатын болады.
Осы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәліметтерді көшіру процесі аяқталғаннан кейін қайта жүзеге асырылады, мерзімі қосымша хабарланады.
Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.