«Астана Самалы» поэтикалық онлайн-марафоны

«Астана Самалы» поэтикалық онлайн-марафоны

Астана күні мерекесі қарсаңында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында «Астана Самалы» поэтикалық онлайн-марафоны ұйымдастырылды. 100-ден астам студенттер өздерінің өлеңдерін, қазақстандық авторлардың шығармаларын оқып, жас астанамызға арналған әндерін орындады. Шараны ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аймақтық әдістемелік бірлестігі бүгінгі қиын-қыстау уақытта республикамыздың халқына шығармашылықпен қолдау көрсетіп, студенттер мен оқытушылардың  Ел ордаға деген тілектерін виртуалды түрде жеткізулеріне мүмкіндік берді.

 

Астана күніне орай Көлік колледжі 1-ші  курстар арасында "Астана - менің жүрегімде"атты бейнероликтердің онлайн-байқауын өткізді. Байқауға барлығы 10-нан астам бейнеролик қатысты. Әрбір бейнеролик өзінің мазмұны бойынша бірегей  болды. Байқау қорытындысы бойынша ерекше бейнеролик әзірлеген деп 11 ДМ тобы  танылды.