
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ «Қонақжай отбасы» жобасына қатысушы Глубокое ауданы және Риддер қаласының 40-қа жуық мектеп басшылары мен әдіскерлері үшін Қатонқарағай ауданының Өрел орта мектебінің базасында тәжірибе алмасу күнін ұйымдастырды.
Тәжірибе алмасу күнінің теориялық бөлімінде «Қонақжай отбасы» жобасының тұжырымдамасын жүзеге асырудың тиімді жолдары туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Г.П.Кошенова баяндама жасады. Мектеп директоры А.К. Джумагулова оқыту модульдарының негізгі бағыттарына тоқталды. Практикалық бөлімнің шеберлік сыныбында: «Жаяу туризм. Туған өлкені тану және туристік дағдыларын қалыптастыру» жобасының жетекшісі, аталған мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі А.М. Аманов, «Этностиль. Тахия» жобасының жетекшісі, еңбек пәнінің мұғалімі Т.Х.Токпаева, «Қазақша үйренейік» жобасы жұмысымен жоба жетекшісі Б.К.Аманова, «Ұлттық ойын - асық» жобасының жетекшісі С.Қ.Нұрсапаров озық тәжірибелерімен бөлісті.
Мектеп психологі А. Татыкова қатысушылармен тимбилдинг өткізді. Іс-шара қорытындысында кері байланыс жасалып, пікіралмасты. Озық тәжірибелерін бөліскені үшін жоба жетекшілеріне орталықтан сертификаттар табысталды.