Республикалық ғылыми-практикалық XI конференция

Республикалық ғылыми-практикалық XI конференция

2024 жылдың 16-17 мамыры күндері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы ҚР «Step by Step» қоғамдық қорымен бірлесе отыра,  «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің сапа шеңбері-үздіксіз кәсіби даму және сапаға бағытталған жаңашыл бастамалар»  тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің педагогтері үшін республикалық ғылыми-практикалық XI конференциясын өткізді.

 Конференцияға Маңғыстау, Ақтөбе, ОҚО, БҚО, Шымкент, Астана, Алматы, Абай, ШҚО облыстарынан өңірлік орталықтар мен білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі мекеме басшылары мен педагогтері (жиыны 150) қатысты.

Конференцияның пленарлық бөлімін ШҚО ББ басшысы Чернышёва Иннеса Александровна салтанатты түрде құттықтау сөзбен ашып, ПҒК, ҚР «Step by Step» қоғамдық қорының директоры, (ISSA) Нидерланды халықаралық қауымдастығының мүшесі Ноғайбаева Бахытгуль Саматовна кіріспе сөз сөйледі.

Конференция барысында - ҚР «Step by Step» қоғамдық қорының менторы Тасбулатова Майра Құдайбергеновна қатысушылармен тренинг өткізіп, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан ПУ «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» кафедрасының 2-ші курс магистрі Алпыс Әлия Нұрланқызы «Топ  дидарының тақтасы» балалардың өзін-өзі басқару дағдысын дамыту құралы» тақырыбында баяндама жасады.

ШҚО ББ «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Кырыкбаева Айгуль Кадылбековна Шығыс Қазақстан облысындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа бағдарламалық мазмұнды игерудегі жұмыстарына шолу жасады.

Шараны Сарсен Аманжолов атындағы ШҚУ «Педагогикалық білім және менеджмент» кафедрасы бойынша 3 курс білім алушысы  Габитова Асима жалғастырып, «Танымдық ойындарды "Тәй-тәй" технологиясына сәйкес қолдану арқылы баланың ақыл-ойын сапалы дамыту» тақырыбындағы ойымен жалғастырды.  

Кездесуде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда «Step by Step» технологиясын білім беру сапасын арттыру құралы ретінде қолданудың тиімділігі» тақырыбында  ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №106 «Қарлығаш» балабақша-бөбекжайы» КМҚК директоры Каримова Жанар Куматаевна озық тәжірибесімен бөлісті.

Конференцияның 2-ші бөлімі Өскемен қаласының №1 «Балапан», №5 «Арай», №15 «Рахат», №106 «Қарлығаш» балабақша-бөбекжайларында тәжірибе алаңдары ұйымдастырылып, түрлі шебер-сыныптар, ата-аналармен жұмыс түрлерінен тәжірибе үлгілері, белсенді дамытушы орталықтардағы кіріктіріле ұйымдастырылған іс-әрекеттерге бақылау жасау, балабақша дәліздеріндегі кеңістікті бағдарлау әдістері бойынша тәжірибе алмасулар, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен бірлесе дайындаған ән-шашуларына ұласты.

Конференция барысында қатысушыларға «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына» саяхат ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтарымыздың тарихына үңіліп, тарихи жәдігерлерімен, кең байтақ еліміздің байлығымен таныстырылды.  

Шара соңында кері байланыс орнатылып, қатысушылардың пікірлері тыңдалып, ұсыным қабылданды. Конференция жұмысын қорытындылай келе ПҒК, ҚР «Step by Step» қоғамдық қоры-ның директоры, (ISSA) Нидерланды халықаралық қауымдастығының мүшесі   Ноғайбаева Бахытгуль Саматовна  кездесудің жоғары дәрежеде өткізілгенін атап өтіп, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасына алғысын білдірді.