
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының 2024-2029 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында 2024 жылдың 17 мамырында С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және әдістемелік-технологиялық қолдау құзыреттілік орталығы» жобасы негізінде университет базасында бірлескен «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды түзету-дамыту және қолдау жұмысында балама әдістер мен тәсілдерді қолдану» облыстық қайырымдылық «WORKSHOP» өткізді.
Шараға облыстың арнайы, жалпы білім беру ұйымдарының 400-ден астам педагогтері қатысты.
«WORKSHOP» барысында арнайы педагогика саласында педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жұмыс тәжірибесі, шеберлік сыныптары, авторлық әдістемелер, оқу-әдістемелік құралдар және ерекше оқу қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауға арналған технологиялық құралдар көрмесі көрсетілді.
Іс-шара соңында «Dana bala» АИББО зертханасына экскурсия жасалып, кері байланыс ұйымдастырылды, қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап алды және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Түскен қаражат тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған вертикализаторды шығаруға жұмсалады, ол «DEMEY».оңалту және түзету орталығына беріледі.