
2024 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізді.
Жарыстың мақсаты: облысымызда балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
Жарысқа аудандық, қалалық жарыстардың жеңімпаздары – облыстың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.
Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізілді:
Жарыс қорытындысы бойынша 29 оқушы жүлдегер атанды, І орын – 10, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 9. Жеңімпаздар жарыстың республикалық кезеңіне қатысады.
Жүлдегерлер тізімін www.shygysdaryn.ai.kz сайтында жарияланған.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!