Әлеуметтік маңызды нысандарға жұмыс сапары туралы

Әлеуметтік маңызды нысандарға жұмыс сапары туралы

Облыс әкімінің орынбасары Д.Б. Сапанов, білім басқармасының басшысы И.А. Чернышёва, білім басқармасы басшысының орынбасары Н. Маратұлы жұмыстық сапар барысында Өскемен қаласындағы: балабақша, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы,  психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті әлеуметтік маңызды нысандардағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

Нысандардың ашылуы кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау алу үшін кезектің орындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 240 орындық ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған топтары бар мектепке дейінгі мекеме қолданысқа беріледі.