«Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» республикалық байқауының облыстық кезеңі

«Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» республикалық байқауының облыстық кезеңі

«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылдың 15 мамырында «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» атты республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқауға облыстың оңалту орталығының және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің 9 педагогі қатысты. Қатысушылардың жұмыстарын байқаудың ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:

«Үздік сабақ» номинациясы бойынша:

І орын – Шмидт Татьяна Олеговна, ШҚО ББ «Өскемен қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ логопед-мұғалімі;

«Педагогтің үздік бейне-визиткасы» номинациясы бойынша:

ІІ орын – Белькова Марина Николаевна, ШҚО ББ «Өскемен қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ дефектолог мұғалімі;

«Үздік әдістемелік кейсі» номинациясы бойынша:

ІІІ орын – Дюсенова Гульнур Жумакановна, ШҚО ББ «Риддер қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ дефектолог мұғалімі;

«МШ баланың ең үздік жеке даму бағдарламасы» номинациясы бойынша:

Гречишкина Елена Александровна, ШҚО ББ «Риддер қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ дефектолог мұғалімі;

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары, республикалық байқау кезеңіне қатысуға жолдама алады.