7-8 сынып оқушылары арасындағы химия және биология пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытындысы

7-8 сынып оқушылары арасындағы химия және биология пәндерінен  республикалық олимпиаданың қорытындысы

2024 жылдың 13-15 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Астана қаласында 7-8 сынып оқушылары арасындағы химия және биология пәндерінен республикалық олимпиадаға қатысты.

Олимпиада Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығымен химия, биология пәндерін тереңдетіп оқуға деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, олимпиадаларға дайындық жүйесін жоғары деңгейде жетілдіру, олимпиадалық резервті қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Олимпиада екі айналымнан тұрды: теориялық және практикалық.

Олимпиада  қорытындысы бойынша 6 оқушы жүлдегер атанды.

Алтын медальмен және І дәрежелі дипломмен Айнабеков Денис - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы (химия) марапатталды.

Күміс медальмен және ІI дәрежелі дипломмен Қабдыкәрім Әли - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8 сынып оқушысы (биология) марапатталды.

Қола медальдармен және ІІI дәрежелі дипломмен:

- Қайырғазин Құрмет - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы (химия);

- Серікұлы Нұрәли - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы (биология);

- Сембаев Мақсат - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы (биология);

- Сайлаубек Нурислам - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы (биология) марапатталды.

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының грамотасымен Мукажанов Арлан - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы (химия) марапатталды.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша жоғары жетістіктері үшін жалпы командалық есепте «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» номинациясында Шығыс Қазақстан облысының командасы II орынды иеленді.

Оқушыларды марапаттарымен құттықтаймыз!