
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы еліміздегі діни ахуалға зерделеу және дін саласындағы өзекті мәселелерге талдау жасау мақсатында Өскемен қаласында 2024 жылдығы 14-16 мамыр аралығында жұмыс жүргізуде.
Дінтану зерттеулер департаментінің аналитик-менеджері Иманмухамед Д.С. мен аналитик Сағынбек Г.Н. қатысуымен 2024 жылғы 15 мамырда ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығы базасында «Қазақстанда діни білім беруге қатысты зерттеу жобасы аясында» жобасы бойынша сарапшылармен фокус-топтық дискуссия өткізді.
Фокус-топтық дискуссияға ШҚУ ғалымдары Аканов М.К., Нурбекова Р.К., ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы ҚГБ бөлімінің әдіскері Абраимова Б.К., «Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы» ММ діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы Бектұров Н.Е.және жалпы білім беретін мектептердің дінтану мұғалімдері қатысты. ФТД барысында Қазақстандағы дінтанулық және діни білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, сарапшылық ұсыныстар айтылды