Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытындысы

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытындысы

2024 жылдың 12-14 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданы өткізді.

Жыл сайын қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында республиканың барлық аймақтарынан дарынды оқушылар бас қосады.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне республикамыздың жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сыныптарынан 200-ге жуық дарынды оқушы қатысты.

Олимпиада дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат базасында өтті. Олимпиаданың республикалық кезеңі эссе жазу мен сұрақтарға ауызша жауап беруді қамтитын екі айналымнан тұрды.

Қатысушылар қазақ тілі мен әдебиетінің шығармалары, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы және публицистикалық еңбектері бойынша білімдерін көрсету бойынша сайысты.

Қазылар алқасының құрамында ғалымдар, Республиканың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары болды.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өткен олимпиаданың салтанатты жабылуында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілі Аманова Зәуре Малгаждаровна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ақылбек Алима қатысушыларға алғы сөз сөйледі.

Республикалық олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 13 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша облысымыз 8 жүлделі орынға ие болды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен: 

  • Мырзабек Айназ - дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия -интернаттың 9 сынып оқушысы;
  • Тұқылбекова Шырын – Тарбағатай ауданы, Абай атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы;
  • Саяшова Мархабат - дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия -интернаттың 11 сынып оқушысы;

ІІ дәрежелі дипломмен:

  • Қайнарқызы Дана – Глубокое ауданы, Опытное поле орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
  • Идаятова Гүлім – Күршім ауданы, №1 Күршім орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломмен:

  • Тоқан Жансая – Зайсан ауданы, Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы;
  • Зулфиева Севинч – Өскемен қаласы, Ш. Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы;
  • Коксогонова Айдана – Алтай ауданы, Алтай қаласының №9 орта мектебінің 11 сынып оқушысы марапатталды.

Республикалық олимпиадада ерекше жетістігі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің грамотасымен Тарбағатай ауданы, Жетіарал мектеп-балабақша кешенінің 11 сынып оқушысы Қалымбекова Жанбота марапатталды.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры  М. Төлеген Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Күршім орта мектебінің 11 сынып оқушысы Идаятова Гүлім мен дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы Саяшова Мархабатқа білім гранттарын табыстады.

Қанипа Бітібаеваның жанұясы және дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың түлектерінің ақшалай және бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Олимпиада аясында жетекшілер үшін Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде шеберлік-класс ұйымдастырылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Сәттіліктер мен жоғары жетістіктер тілейміз!