
Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалының әдістемелік орталығы және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының бірлесе ұйымдастыруымен 2020 жылдың 30 маусым күні «Іс – әрекеттегі зерттеу және Сабақты зерттеу: білім беру ұйымдарында жүзеге асыру тәжірибесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өткізілді.
Конференцияның мақсаты: педагогикалық қоғамдастықтың зерттеушілік мәдениетін дамыту үшін жағдай жасауда іс-әрекеттегі зерттеу мен сабақты зерттеу тәсілдерін жүзеге асырудағы тиімді педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату; Білім беру ұйымдарының ғылыми-зерттеу топтары арасындағы нәтижелі кәсіби өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
Конференцияға сабақты зерттеу және мектеп тәжірибесінде іс-әрекеттегі зерттеуді жүзеге асыратын мұғалімдер мен мектеп командалары, Өскемен қаласындағы ХББ НЗМ–ның халықаралық серіктес мектептерінің мұғалімдері, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» курсын оқыған мектеп тренерлері, облыстың Жетекші мектептерінің үйлестірушілері қатысты.
Конференция жұмысы пленарлық бөлім және 4 бағытта ұйымдастырылды:
Конференцияның пленарлық бөлімінде Педагогикалық шеберлік орталығы Өскемен қ. филиалы директоры Г.Т.Зейнолдинаның алғы сөз алды. Өскемен қ. ПШО филиалының тренері Е. А. Марченко конференцияға қатысушыларды «WALS-2019 халықаралық конференциясы: әлемдік білім беру кеңістігінде зерттеулер жүргізу тәжірибесі» нәтижелерімен таныстырды; Өскемен қ. әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ директоры Г. К. Дюзбенбекова «Білім беру ұйымының әлеуметтік капиталы: даму перспективалары» мәселесін түсіндірді.
Конференцияның қорытынды бөлімінде шетелдік әріптестер Куксо Е. Н., п. ғ. к., Манчестер университетінің ұйымдастыру психология магистрі, Директория академиясының жетекшісі, Мәскеу қ.; Зайцев К. Л., канд. Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты, Новосібір қ. «Зерттеу жүргізудің қиындығы және оларды шешу», «Әрекеттегі оқу жағдайындағы оқытушының кәсіби позициясын өзгерту туралы» тақырыптары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
ПШО тренерлері «Research experience wall» постерлік тұсаукесеріне шолу жасалып, пікірлері тыңдалды.
Онлайн-конференция барысында спикерлер әр бағыттағы тақырыптар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияға қойылған мақсат шындыққа көз жеткізу, мүмкіндіктерді қарастыру, проблемаларды шешу тұрғысынан тиімді болды.
Мұғалімдердің зерттеу бойынша жинақтаған материалдары «Іс – әрекеттегі зерттеу және Сабақты зерттеу: білім беру ұйымдарында жүзеге асыру тәжірибесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция материалдары жинағында жарық көреді.
Конференция спикерлері мен қатысушыларына диплом, сертификат табысталды.