
Ағымдағы жылғы 22 маусымда ШҚО-да жыл сайынғы «Үздік педагог» республикалық конкурсы аймақтық кезеңінің қорытындысы шығарылып, ТжКБ жүйесінің 2020 жылғы үздік педагогі анықталды.
Кәсіптік білім беру орталығы колледжішілік кезеңінің жеңімпаздарынан байқауға қатысатын 17 өтінімді қабылдады. Өткен жылы байқауға өңір колледждерінің 13 педагогі қатысқан. Осындай конкурстарға қатысуға тілек білдірушілер саны жылдан жылға артып келеді, себебі кәсіби конкурстар озық педагогтерді көтермелеуге ғана емес, сонымен қатар педагогикалық қызметкерлердің мәртебесі мен еңбек беделін арттыруға да ықпал етеді.
Конкурс өткізу үшін білім басқармасының бұйрығымен білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің, білім басқармасының қызметкерлері, тәжірибелі педагогтер, педагогикалық шеберліктегі кәсіби конкурстарының жеңімпаздары, әдістемелік қызметтер, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлері, білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері қатарынан конкурстың ІІ кезеңінің жеңімпазын анықтау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы бекітілді.
3 күн ішінде, яғни 2020 жылғы 17,18,19 маусым күндері комиссия қашықтық режимінде ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрығына сәйкес конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарады. Байқауға қатысушылардың портфолиосы мен мазмұнына жоғары талаптар қойылды. Байқауға қатысушылар білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктерін, соңғы 5 жылдағы білім беру жүйесінің дамуына үлесін, студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелерін, сонымен қатар, байқау ережесіне сәйкес, қатысушылар бейнероликтер мен эсселерін де ұсынды.
Байқау ережесіне сәйкес комиссия 10 балдық шкала бойынша конкурсқа қатысушылардың қызметіне баға берді, сонымен қатар, педагогтің кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіштері, конкурсқа қатысушы қызметінің нәтижелілігі, конкурсқа қатысушының кәсіби шеберлігі, эстетикалығы, портфолионың құрылымы мен толықтығы, байқаудың техникалық шарттарына бейнероликтің сәйкестігі, регламентті сақтау, сондай-ақ, роликті дайындау кезінде арнайы бағдарламаларды пайдалану назарға алынды.
Облыстық комиссияның шешімімен конкурстың ІІ кезеңінде Нигметжанова Марал Кудайбергеновна, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің қазақ тілі және әдебиет мұғалімі жеңімпаз атанып, республикалық деңгейде үздік педагог атағына күресуге құқығын жеңіп алды.
Марал Кудайбергеновнаны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!