
2024 жылғы 3-4 мамыр күндері Өскемен қаласында Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің (СДБА ШҚО ОРММИК) базасында мектеп оқушылары арасында Халық Қаһарманы
Р. Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған қазақ күресі жарысының облыстық кезеңі өтті.
Жарыстың мақсаты – қазақ күресін мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру.
Жарысқа 2008-2009 жылдары туған оқушылардан (ұлдар, қыздар) тұратын Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан 11 команда қатысты. Қатысушылар 40-82 кг салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті:
Ұлдар арасында:
І орын – Тарбағатай ауданының командасы;
ІІ орын – Риддер қаласының командасы;
ІІІ орын – Катонқарағай ауданының командасы.
Қыздар арасында:
І орын – «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ командасы;
ІІ орын – Өскемен қаласының командасы;
ІІІ орын – Самар ауданының командасы.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!