
Мектепішілік бақылау - бұл білім алушылар мен педагогтердің жалпымемлекеттік талаптары мен сұраныстарына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін бағалау жүйесі және білім беру ұйымының қызметін жетілдіру, оның ішінде білім беру мен тәрбиелеу сапасын жақсарту, педагог қызметкерлердің кәсібилігін арттыру болып табылады.
2024 жылдың 04 мамырында ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми - әдістемелік орталығы білім беру ұйымының мектепішілік бақылау жоспарын іске асыру шеңберінде мектеп директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Заманауи білім беру - болашақтың таңдауы» семинар – кеңесін өткізді. Жалпы іс-шараға 100 адам қатысты.
Іс-шара барысында Алтай ауданы бойынша ББ «Никольская орта мектебі» КММ оқу ісі жөндегі орынбасары Б.А.Белгібаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Н.Аимханова;
Риддер қаласы бойынша ББ «№1 мектеп-лицей» КММ оқу ісі жөніндегі орынбасары А.О.Метелкина, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.В.Антропова; «№2 орта мектебі» КММ оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Ю.Бывшева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.В.Афанасьева; «№16 орта мектебі» КММ оқу ісі жөніндегі орынбасарлары С.В.Тауханбаева (оқыту орыс тілінде), Ш.Р.Иксанова (оқыту қазақ тілінде) 2023-2024 оқу жылында оқыту сатылары бойынша оқыту мен білім беру сапасын қадағалау және талдау, пәндер бойынша аралық және қорытынды аттестаттау деңгейіне бақылау жасау және талдау, педагогикалық ұжым жұмысындағы кемшіліктерді анықтау және туындаған проблемаларды шешу жолдарын анықтау мақсатында жүргізілген педагогикалық мониторинг бойынша есеп беріп, мониторинг нәтижесінде анықталған оң және теріс жағдайларға тоқталды.
Семинардың қорытынды бөлігінде ШҚ «Örken» әдістемелік орталығының бөлім жетекшісі А.Ж. Кантаева жоғарыда аталған мектептердің атқарған жұмыстары негізінде жалпы талдау жасап, нәтижелері бойынша алдағы уақытта білім беру сапасын бағалау жүйесінің мектепішілік ақпараттық моделін жаңғырту, мектепті дамыту бағдарламасы бойынша зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік қызмет негізінде кадрлардың кәсібилігін арттыру, жеке тұлғаны оқыту мен әлеуметтендірудің сәттілігін шешу үшін бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру мақсатында отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-әрекетті жүзеге асыру жұмыстарын жүйелі жүргізу маңыздылығын атап өтті.
Алдағы жұмыста басшылыққа алу мақсатында семинар-кеңесте ұсыныстар қабылданды, спикерлерге сертификат берілді.