
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдың 04 мамырында ШҚО, Өскемен қаласы «ТНП» сауда үйінің алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы басқа облыстық құқық қорғау органдары және басқармалардың өкілдерімен бірлесе азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Аталған акцияның мақсаты – азаматтарды қабылдай отырып құқықтық кеңес беру арқылы қоғамның құқықтық мәдениет деңгейін арттыру.