
2024 жылғы 26-30 сәуір аралығында Өскемен қаласында Қазақстан тарихы Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндері бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері – оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада екі айналымда өтті: теориялық және тәжірибелік.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша қола медальмен және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Сеитова Аружан – Өскемен қаласы, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің 11 сынып оқушысы (құқық негіздері);
- Архипова Мария – Алтай ауданы, Алтай қаласының №6 орта мектебінің 10 сынып оқушысы (құқық негіздері);
- Мұхаметжан Қуаныш – Ұлан ауданы, Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (құқық негіздері).
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталғандар:
- Леляева Валерия – Өскемен қаласы, №34 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы (құқық негіздері);
- Есбол Ернар - Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);
Олимпиадаға қатысушылар үшін Өскемен қаласында спорттық іс-шаралар, психологиялық тренингтер, сондай-ақ, қаланың көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды.
Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!