
2024 жылдың 29-30 сәуірі күндері Шығыс Қазақстан облысының оқушылары, облыстық кезеңнің жеңімпаздары Астана қаласында 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты - экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Конкурс қорытындысы бойынша:
I дәрежелі дипломмен «Туған өлке табиғаты» бағытында Өскемен қаласы №47 жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы Сайлаубекова Іңкәр марапатталды.
II дәрежелі дипломдармен «Үздік экологиялық бастама» бағытында:
- Звонов Артур - Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы;
- Каллер Никита - Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы марапатталды.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!