
2024 жылғы 26-30 сәуір аралығында Астана қаласында ағылшын тілі, неміс тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндері бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері – оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен ҚР олимпиадалық резервінің мүшелері қатысты.
Олимпиада екі айналымда өтті: теориялық және тәжірибелік.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша күміс медальмен және ІІ дәрежелі дипломмен Өскемен қаласы, №12 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Сарманова Айсулу (неміс тілі) марапатталды.
Қола медальмен және III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-Фатеев Лев - Өскемен қаласы, №10 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы (неміс тілі);
- Сидоренко Кира - Өскемен қаласы, №10 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);
- Алтынбек Нұрдәулет - Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы (ағылшын тілі).
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталғандар:
- Матвеев Тимур - Өскемен қаласы, №10 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі);
- Шагиева Рамина – Өскемен қаласы, №10 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы; (неміс тілі);
- Абакумова Александра – Алтай ауданы, Алтай қаласының мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті).
Олимпиадаға қатысушылар үшін Астана қаласында демалыс іс-шаралары, психологиялық тренингтер, сондай-ақ, қаланың көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды.
Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!