
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы атаулы және мерейтойлық күндерді мерекелеу аясында 2024 жылдың 30 сәуір күні «Тарихы терең Жошы Ұлысына 800 жыл» тақырыбында «Тарих» пәні мұғалімдерімен өңіраралық диалогтік алаңын өткізді.
Диалогтік алаң мақсаты – ХIII-ХV ғасырлардағы Жошы ұлысы мен Алтын Орда тарихының өзекті мәселелерін талқылап, кеңінен насихаттау. Қазақ мемлекетінің бастауында болған Жошы ұлысының 800 жылдық тарихын атап өте отырып ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Шараға Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының жалпы орта білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері құрамынан офлайн және онлайн форматта барлығы 150 педагог қатысты.
Диалогтік алаң әдістемелік орталықтың директорының орынбасары Абетаева Гүлнар Зекеновна құттықтау сөзімен ашылды.
Шара барысында: Ескалиев Самат Амангельдинович, Евразия гуманитарлық институты т. ғ. к., профессор «Ұлық Ұлыс және Қазақ хандығы сабақтастығы»;
Алпысбес Махсат Алпысбесұлы, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, Мемлекет тарихы институты Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі ҚР ҒЖБМ ҒК «Историческая география и этнокультурное пространство Улуса Джучи»;
Аканов Маратбек Камзинович, т.ғ.к. С.Аманжолов атында ШҚУ Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру кафедрасының сениор - лекторы «Ақсақ құлан:ақиқат пен аңыз»;
Кариева Тоты Амангельдыевна, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің аға оқытушысы, т.ғ.к. «Қазақ елі тарихындағы Жошы Ұлысы: мәні мен маңызы» тақырыптарында Жошы ұлысының тарихын сараптауда оның қазақ тарихындағы маңызы мен қалыптасу кезеңіне қатысты баяндамалар жасады.
Екінші бөлімдегі сессиялық залдарда Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының тарих пәні мұғалімдері мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай пікір алмасып, соның аясындағы ұлттық құндылықтар жайлы ой бөлісті.
Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылды, мектеп оқушыларымен «Жошы Ұлысына 800 жыл» атаулы күніне арналған шараларды өткізу бойынша ұсынымдар берілді.