
2024 жылдың 26 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.
Сараптамалық кеңес отырысында облыстық білім беру ұйымдарынан барлығы 78 материал, оның ішінде 15 әдістемелік құрал, 55 авторлық бағдарлама, 8 элективті курс бағдарламалары қаралды.
Сараптамалық кеңес отырысының жұмысына 24 комиссия мүшесі қатысып, ұсынылған материалдарды қарап, сараптамалық бағалау мен жұмыстар бойынша ұсыныстар берді.
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жанындағы Сараптамалық кеңеске ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№7орта мектебі» КММ химия пәнінің мұғалімі Б.М. Сейтказинованың «Формирование функциональной грамотности посредствам применения инструментов формативного оценивания при изучении химии» авторлық жұмысы және Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Р.К. Куленованың «Жаратылыстану пәні бойынша зерттеу жұмыстарына арналған оқушы күнделігі» 4-сынып оқушыларына арналған әдістемелік құралы ұсынылады.