
2024 жылдың 30 сәуірінде «Қонақжай отбасы» жобасына қатысушы аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларымен кеңесі өткізілді.
Кеңес жұмысына жобаға қатысушы 8 ауданның басшылары, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Д. Шаухина, ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы директоры С.Коваленко қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде биылғы жылғы «Қонақжай отбасы» жобасының тұжырымдамасы мен іске асыру жоспары қаралды. Д.Шаухина «Қонақжай отбасы» жобасын іске асырудың алғы шарттарына тоқталды.
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары
Г.Абетаева жобаның тұжырымдамасы мен іске асыру жоспарын таныстырды. Биылғы жылы жобаны іске асыру 15 маусымнан 30 маусым аралығында өтеді. Жобаға 2 аудан және Риддер қаласы қатысады.
Онда 6 ауылды мекендегі 50 отбасы 120 оқушыны қабылдайды. Тұжырымдамадағы қонақжай отбасын іріктеудің тәртібі, жанұяларға қойылатын талаптар, балалардың тұру, тамақтану, қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету, тілдік мектепті жұмыс істеу тәртібі талданды.
Кеңес барысында Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Г.Көшенова, ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Ж.Сагандыкова тұжырымдамаға нақтылы ұсыныстар мен толықтырулар ұсынды.