
2024 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан-Американдық Еркін университетінің базасында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Мен-кәсіпкермін» бизнес-жобалардың облыстық турнирі өткізілді.
Турнирдің мақсаты-мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру, «Мен-кәсіпкермін» республикалық турниріне қатысу үшін үздік бизнес жобаларды, кандидаттарды іріктеу.
Турнирге қатысу үшін барлығы 79 өтінім қабылданды, оның ішінде колледждерден - 56 және мектептерден - 23 өтінім. 119 мектеп оқушылары мен колледж студенттері 31 командалық және 48 жеке жоба ұсынды. Облыстық байқау 7 номинация бойынша өтті: «Green Start up», «Әлеуметтік бастамалар», «Туризм», «Агроэкономика», «Креативті бизнес – идея», «IT-сала», «Сауда ісі».
Туринирге жобаларды бағалау үшін жоғары білікті мамандар тартылды: ШҚО бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Е. Н. Березинская-Абилова, «Шығыс Қазақстанның туристік қауымдастығы» ЗТБ төрағасы, «Айналайын» қонақ үйінің директоры К. Н. Оразбаев, «Kab Systems» ЖШС басшысы А. Б. Құсайынов, «Өскемен қ. Niet Woman әйел кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ Басқарма мүшесі Аллахвердиева Э. А., «Восток-асфальт» ЖШС қаржы директоры Жақыпбаева А. А., «Алтай балы» Ш/Қ басшысы Қасымбаев А. В., «Кітап дүкені» ЖШС директоры В. А. Каханов, «Өскемендегі Белалекс-өзен серуендері» компаниясының коммерциялық және PR директоры К. О. Белова, «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы, бизнес-жаттықтырушы, кәсіпкер Б. Серікханұлы, «NK» сұлулық академиясының басшысы Н. Т. Қалмжанова, «Рауан» ЖШС басшысы А.М. Адамова, ЖК «Перизат Рахатқызы».
Турнирге қатысушылар мен жеңімпаздар, олардың ғылыми жетекшілері сертификаттармен, 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және іс-шара демеушілерінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Облыстық турнирдің жеңімпаздары «Мен-кәсіпкермін» бизнес-жобалар конкурсының республикалық кезеңіне жолдама алды.