Қ. Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Медицина саласындағы жаратылыстану ғылымдарының инновациялары: жаңашылдығы, жетістіктері мен мәселелері» медициналық колледж студенттерінің арасында сырттай Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2024 жылғы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы Өскемен жоғары медицна колледжімен бірлесіп, Қ.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Медицина саласындағы жаратылыстану ғылымдарының инновациялары: жаңашылдығы, жетістіктері мен мәселелері» халықаралық қатысумен медициналық колледж студенттерінің арасында сырттай Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференцияға Ресей Федерациясы және Абай,  Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарынан  104 студент қатысты.

Конференция жұмысы «Биология», «Химия», «География», «Медицинадағы жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары» (Емдеу ісі, Мейіргер ісі, Стоматология, Фармацевт) бағыттары бойынша өткізілді.  

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.