
2024 жылдың 23-24 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен аймақтық олимпиада ұйымдастырылды.
Жәкула Күшікұлы - оқу-ағарту, денсаулық сақтау ісін дамытуда көп үлесін қосқан тұлға.
Олимпиаданың демеушісі - Асқар Жәкулин атындағы қайырымдылық қоры.
Олимпиада С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында оқушылардың химия және биологияны оқуға қызығушылығын арттыру, дарынды және талантты оқушыларды анықтау, ғылыми дүниетанымын дамыту, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау мақсатында өткізілді.
Олимпиадаға Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 9-11 сыныптардың аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада екі айналымнан тұрды: теориялық және практикалық.
Жүлдегерлерге дипломдар, медальдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Жеңімпаздар тізімі www.shygysdaryn.ai.kz. сайтында жарияланған.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!