«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңінің қорытындысы

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 16 сәуірде қашықтықтан және онлайн форматта «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі өткізілді.

Форумның мақсаты – білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Форумға облыстың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінен жалпы саны 77 оқушы қатысты.

Форум 5 номинация бойынша өткізілді:

  1. «Жасыл мектеп» зерттеу жобаларының байқауы номинациясы;
  2. «Экотеатр» интерактивті қойылымы» номинациясы;
  3. «Экоблогер» әлеуметтік бейнематериал номинациясы;
  4. «Үздік Арт-нысан» номинациясы;
  5. «Идеядан іске асуға дейін» лепбук байқауы.

Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары форумның республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Форум жеңімпаздарының тізімі shygysdaryn.ai.kz сайтында орналастырылған.

Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!!!