
«Кадрлар даярлау мен әскери-патриоттық тәрбие беру аясында болашақ әскери инженерлерді, ІТ-мамандарды, робототехниканы, жасанды интеллект бойынша мамандарды өсіру қажет. Бұл Smart ұрпағы»
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
2024 жылдың 16 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектептерінде онлайн түрде «Смарт Сарбаз-2024» компьютерлік таланттар чемпионаты өтті.
Чемпионаттың мақсаты – «Жас Сарбаз» сыныбы оқушылары мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубы курсанттарының ақпараттық технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-техникалық әлеуетін анықтау және дамыту болып табылады.
Іс-шараға 2000-ға жуық «Жас Сарбаз» сыныбы оқушылары мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубының курсанттары қатысты.
Чемпионат жаратылыстану ғылымдары, математика, информатика, робототехника бойынша бағдарламалардың мазмұнын қамтып, қатысушылардың 4 жас тобына арналған тапсырмалардың жеке нұсқалары бойынша өткізілді:
1-жас санаты – 5 сынып;
2-жас санаты – 6-7 сыныптар;
3-жас санаты – 8-9 сыныптар;
4-жас санаты – 10-11 сыныптар.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша 1121 қатысушы жүлделі орындарға ие болды: 1 орын – 474, 2 орын – 296, 3 орын - 351.
Чемпионатта Өскемен, Риддер қалаларынан, сондай-ақ, Алтай, Глубокое, Самар, Қатонқарағай, Шемонаиха, Тарбағатай және Зайсан аудандарының оқушылары ең жоғарғы көрсеткіш көрсетті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер тілейміз!