«Жас Ұлан» облыстық әскери-спорттық ойынының қорытындысы

«Жас Ұлан» облыстық әскери-спорттық ойынының қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің аумағында «Жас Ұлан» облыстық әскери-спорттық ойыны өтті.

Облыстық әскери-спорттық ойынға келген қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары он команданы құрады. Салтанатты ашылу рәсімінде облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Александровна Чернышева, 5518 ә/б командирінің тәрбие әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары майор Ноғаев Серік Тұрғынұлы сөз сөйледі.

Әскери спорттық ойын келесі кезеңдер бойынша өткізілді: саптардың және әндердің көрінісі; тарихи-іздеу зерттеу жобасын қорғау; атыс даярлығы; әскери кросс; турникке тартылу; арқамен жатып денені жерден көтеру.

Қатысушылардың командаларын құрамына әскери бөлімнің күш құрылымдарының өкілдері кіретін құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Әскери-спорттық ойынның қорытындысы бойынша командалық есепте жүлделі орындарды келесі командалар иеленді:

1 орын – «Жас сарбаз» командасы – Глубокое ауданы;

2 орын – «Сұңқар» командасы – Алтай ауданы;

3 орын – «Жас Сарбаз» командасы – Зайсан ауданы.

Барлық жүлдегерлерге кубоктар, дипломдар, медальдар мен сыйлықтар табысталды.

«Жас Ұлан» облыстық әскери-спорттық ойыны-бұл нағыз отан қорғаушыларды, Қазақстан патриоттарын даярлау бағдарламасының ажырамас бөлігі, бұл күш, төзімділік, батылдық, сұлулық байқауы.

Аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс мазмұнының сапасын арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.