2020-2021 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы

2020-2021 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы

2020-2021 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік

білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы

 

 

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 44-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 13418 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2020-2021 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі бекітілсін.
  2. Облыстың білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақ тіліндегі қаулыға файл-қосымша