
Экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі қашықтықтан өткізілді.
Конкурс төрт бағыт бойынша өткізілді:
1-бағыт - «Туған өлке табиғаты»;
2 бағыт - «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем»;
3 бағыт - «Үздік экологиялық бастама»;
4 бағыт - «Таза қала сізден басталады».
Конкурс қорытындысы бойынша 14 қатысушы жүлдегер атанды (I орын -3, II орын - 5, III орын - 6 оқушы).
Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына дипломдар, қатысушыларына сертификаттар табысталады.
Жеңімпаздар тізімі https://shygysdaryn.ai.kz/ сайтында орналасқан.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!