
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 11 сәуірінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Инклюзивті білім беру орталығы» бірлесіп облыстық воркшоп-презентация өткізді. Шараға жалпы білім беру ұйымдарының директордың орынбасарлары, кәсіби бағдар беруші педагогтер, арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен жоғарғы оқу орындарының оқытушылары. Барлығы 150 ден астам адам қатысты.
Воркшоп-презентация барысында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беру орталығының директоры Исмагулова С.К. мен жетекші ғылыми қызметкер Ноғайбаева Г. А. педагогтерге оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оқушыларды кәсіби бағдарлаудың жүйелі инновациялық моделін сынақтан өткізу шеңберінде кәсіби бағдарлау жұмысы жүйесінің әлемдік тәжірибесімен таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Воркшоп нәтижелері бойынша облыстағы мектеп білім алушыларын кәсіптік бағдарлаудың инклюзивтілігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздерін әзірлеу кезінде пайдаланылатын ұсынымдар берілді.