5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілетін 3D-модельдеу және ЗD-баспа бойынша облыстық «3D Modeldeu Älemі» конкурсының қорытындысы

5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілетін  3D-модельдеу және ЗD-баспа бойынша облыстық «3D Modeldeu Älemі» конкурсының қорытындысы

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы  2024 жылғы 10 қаңтардан 8 сәуірге дейін  5-11 сынып оқушылары арасында 3D-модельдеу және 3D-баспа бойынша «3D Modeldeu Älemі» байқауын өткізді. Конкурс балалар мен жастар арасында 3D-модельдеу және ЗD-баспа технологияларын, жобалау қызметін, ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу және 3D-редакторлармен, ЗD-принтерлермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді.

«3D Modeldeu Älemі» облыстық байқауына 21 жұмыс ұсынылды. Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

Бірінші орын – Ефимов Дмитрий, 10-сынып оқушысы, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы,.

Екінші орын – Бородина Александара, 5-сынып оқушысы, «№1 мектеп-лицейі» КММ, Риддер қаласы.

Екінші орын – Кенжеханқызы Інжу, 8-сынып оқушысы, «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы.

Үшінші орын – Уйданов Нуржан, Муратов Абылай, 11-сынып оқушылары, «№47 орта мектебі»  КММ, Өскемен қаласы.

Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз! Оқушыларға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!