
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 01 ақпан мен 4 сәуір аралығында облыс мектептерінің оқушылары арасында «Jasandy Intellekt-2024» облыстық конкурсын қашықтықтан өткізді.
Жасанды интеллект – бұл адамның когнитивті функцияларына ұқсатуға (алдын ала белгіленген алгоритмсіз өзін-өзі оқытуды және шешім іздеуді қосқанда) және нақты тапсырмаларды орындау кезінде, кем дегенде, адамның зияткерлік іс-әрекетінің нәтижелерімен салыстырылатын нәтижелер алуға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдер жиынтығы. Технологиялық шешімдер кешеніне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, бағдарламалық жасақтама (оның ішінде машиналық оқыту әдістері пайдаланылады), деректерді өңдеу және шешімдерді іздеу бойынша процестер мен сервистер кіреді. Байқаудың негізгі мақсаты балалар мен жастар арасында жасанды интеллект технологияларын, жобалау қызметі мен ғылыми-техникалық шығармашылықты насихаттау болып табылады. Конкурсқа 8 конкурстық өтінім ұсынылды.
Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын- Арнурұлы Естай, Өскемен қаласы, «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, 11 сынып.
Екінші орын- Кумашова Аяулым, Өскемен қаласы, «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ, 10 сынып.
Үшінші орын – Кожухов Артур, Ұлан ауданы, «Р. Марсеков атындағы орта мектебі» КММ, 9 сынып.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!