
«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 10 қаңтардан 03 сәуірге дейін 5-11 сынып оқушылары арасында «Jasyl Mektep-2024» байқауын өткізді. Конкурстың негізгі мақсаты оқушылардың экологиялық мәдениетін, сондай-ақ қоғамның саналы және жауапты тұтынушысын қалыптастыру болып табылады.
«Jasyl Mektep-2023» облыстық байқауына 10 жұмыс ұсынылды. Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын - Грибенщиков Иван, Нечаев Артемий, Риддер қаласы, «№ 1 мектеп – лицей» КММ, 7-сынып.
Екінші орын - Нұрланқызы Гүлнұр, Зайсан ауданы, «М.Әуезов атындағы орта мектеп» КММ, 10 сынып.
Үшінші орын- Еркін Таңнұр, Бергенбек Азамат, Өскемен қаласы, «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, 10 сынып.
Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз! Оқушыларға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!