
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 2 сәуірінде «Асыл Мирас» Аутизмі (аутистік спектірдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (autism-оталығы)» бірлесіп Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күніне (2 сәуір) орай «Аутизм. Баршамызға бір әлем» областық конференциясын өткізді. Шараға білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері мен С.Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары барлығы 40-тан астам адам қатысты.
Конференцияны Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Д. Т. Шаухина алғы сөзімен бастады.
Шара барысында «Асыл Мирас» Аутизмі (аутистік спектірдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығының директордың м.а Дюсембинова Д.А., АСБ бар балаларға білім беру, спорттық-тәрбие және бос уақытты өткізу қызметтерін алу үшін «Маршруттық парақ» жобасын ұсынды, орталықтың мамандары АСБ бар балалармен жұмыс жасауда теориялық және практикалық іс-тәжірибелерін көрсетті.
Шара соңында орталыққа экскурсия жасалып, кері байланыс ұйымдастырылды, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алып шараны ұйымдастырғандарына алғыстарын білдіріп, өзектілігін атап өтті.