2020 жылдың мамыр-маусым айларында Бурятияның Улан-Удэ қаласында «Мы верим в тебя» атты Халықаралық фестиваль-конкурс өтті

2020 жылдың мамыр-маусым айларында Бурятияның Улан-Удэ қаласында «Мы верим в тебя» атты Халықаралық фестиваль-конкурс өтті

2020 жылдың мамыр-маусым айларында Бурятияның Улан-Удэ қаласында жетім және ата-анасының қомқорлығынсыз қалған балалар арасында «Мы верим в тебя» атты Халықаралық фестиваль-конкурс өтті. Биылғы жылы пандемияға байланысты конкурс және дауыс беру онлайн режимінде өтті.

Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйінің «Аққу-Үміт» үлгілі би ансамблі қатысты. Сайыс вокал, оригиналды жанр, хореография номинациялары бойынша өтті.

Үміт бишілері бірінші айналымда  қазақ, түркмен билерін ұсынса, екінші айналымда ұсынылған би Ұлы жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналды. Бұл қойылым шешуші болды – жас өнерпаздар сайыста Гран при иегері атанды. Құттықтаймыз!