
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 1 балалар музыка мектебі» КМҚК базасында 2024 жылғы 29 наурызда «Музыка мектебінің үздік педагогі-2024» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: педагогтің мәртебесін арттыру және шығармашыл педагогтерді ынталандыру, кәсіби қызметте биік жетістіктерге жеткен, музыка мектептеріндегі инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.
Байқауға жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес музыка мектептерінің (басқа да қосымша білім беру ұйымдарының музыка бағыты бойынша) педагогтері қатысты.
Байқау 2 кезеңде өткізілді: 1 кезең – аудандық (қалалық), 2 кезең – облыстық. Облыстық кезең 2 бөлімнен: «Менің сабағым» сабақтан үзінді және «Шеберлік сыныбы» әр қатысушының өзі таңдаған тақырыптағы шеберлік сыныбы.
Байқау комиссиясы материалдар мен сабақтарды бағалап, сараптамадан өткізіп, фортепиано, ішекті (ысқышты) аспаптар, қазақ халық аспаптары, жеке және ансамбльдік ән салу (эстрадалық вокал), музыка теориясы (сольфеджио), хореографиялық бағыттар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:
1 - Бас жүлде, 3 - I дәрежелі, 3 – II дәрежелі, 3 – III дәрежелі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды.
Аталымдар бойынша:
«Білікті педагог», «Белсенді педагог» және «Шығармашыл педагог» аталымдары бойынша – 3 оқытушы грамотамен марапатталды.
«Музыка мектебінің үздік педагогі-2024» облыстық байқауының қосымша білім беру жүйесіндегі шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтердің инновациялық педагогикалық тәжірибе алмасуда оқушыларға тәрбие беруде, озық ойлайтын, шығармашыл, белсенді және талантты балаларды анықтауда алар орны ерекше.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!