"Қазақстандағы STEAM-білім беруді дамыту стратегиясы мен практикасы"қорытындысы

"Қазақстандағы STEAM-білім беруді дамыту стратегиясы мен практикасы"қорытындысы

2024 жылғы 29 наурызда Астана қаласындағы Rivera International School мектебінің базасында білім берудің барлық деңгейлерінде ЅТЕАМ экожүйесіне қатысушыларды біріктіру, тәжірибе алмасу, ағымдағы жай-күйін бағалау және даму перспективаларын талқылау мақсатында «Қазақстандағы STEAM-білім беруді дамытудың стратегиясы мен практикасы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді, оған халықаралық орталықтардың басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары, ББ директорларының орынбасарлары, ЖОО және ТжКБ өкілдері, педагогтар, оқушылар командалары, ҮЕҰ өкілдері. Барлығы 300 адам қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан 13 делегат қатысты.

Конференцияда Алтай ауданының №7 орта мектебіне және Алтай қаласының №1 бастауыш мектебіне «STEAM Mektep Advancement» STEAM сертификаттау бағдарламасынан өткені туралы дипломдар табысталды.

Алтай қ. №7 орта мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі Салтанат Садықова білім берудің STEAM дамуына қосқан үлесі үшін Білім Министрінің алғыс хатымен марапатталды, ол SCIENCE ON STAGE халықаралық STEAM жобалар байқауының ұлттық кезеңін жеңіп алды және 2024 жылдың тамызында Финляндияда Қазақстанның атынан қатысады.