
Отбасы мен мектептің қарым-қатынасын қалай құруға және нығайтуға болады? Отбасылық тәрбиенің өзекті мәселелері қалай шешіледі? Осы және басқа да мәселелер «Білім беру ұйымдарындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары: өңірлік тәжірибе, проблемалар мен перспективалар» облыстық форумында талқыланды.
№46 орта мектепте облыстың педагогикалық қоғамдастығының 250 өкілі жиналды: қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, мектептердің педагог-психологтері мен әлеуметтік педагогтері, сондай-ақ ата-аналар қауымы және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.
Форумның қатысушыларына Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Иннеса Александровна Чернышева құттықтау сөз сөйледі.
Форум екі бөлікке бөлінді, біріншісі - пленарлық отырыс, онда балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, бала-ата-ана-мұғалім үштігінің оң қарым-қатынастарын қалыптастыру мәселелері қаралды және талқыланды. Даму ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарын психологиялық қолдауға ерекше назар аударылды. Іс-шараның екінші бөлімінде бес секциялық алаң бойынша жұмыс жүргізілді.
Соңында форумға қатысушылар мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру және Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру сапасын арттыру үшін ұсынымдар шығарды.