
Орта білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс үздіксіз жүру қажет. Ол аксиологиялық, тұлғаға бағытталған, сараланған, іс-әрекет, жүйелік тұрғылар, оқытудың дидактикалық ұстанымдар негізінде ұйымдастырылуы қажет.
2024 жылдың 29 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері үшін «Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс істеудің тиімді әдістері» әдістемелік онлайн-семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – оқу мотивациясы төмен оқушылардың оқу бағдарламаларын табысты меңгеруі үшін педагогикалық технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісу, әдістемелік көмек беру.
Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100-ге жуық пән мұғалімдері қатысты.
Онлайн-семинарда:
ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Степное негізгі мектеп- балабақша кешені» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог- модератор Албаева Анар Архамовна «Цифровые образовательные ресурсы как способ повышения мотивации к учебе»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші Тормашова Ирина Викторовна «Как мотивировать учащихся к изучению истории»;
ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор Қайшыбаев Абылай Беделқанұлы «Тарих сабағындағы оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс істеу жүйесі»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Симбинова Асем Сайранхановна «Факторы, оказывающие влияние на повышение мотивации к изучению истории»;
ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ғабит Мүсірепов атындағы орта мектеп» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші Мукатова Айнұр Асылбековна «Үлгерімі төмен оқушылардың пәнге деген қызуғышылығын арттыру әдіс-тәсілдері» тақырыптарында оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмысты жандандыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Онлайн-семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды.
Қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алды.