Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы жылдық жоспарын іске асыру аясында 2024 жылдың 28 наурызында ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ базасында облыстағы жалпы білім беретін мектептердің көркем еңбек мұғалімдеріне арналған «Қолөнер - сырлы өнер» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – шығармашылықпен жұмыс істейтін көркем еңбек мұғалімдерін анықтау, көтермелеу және қолдау, оқушылардың халықтық дәстүрлерді, басқа халықтардың шығармашылығын құрметтеуге тәрбиелеу, озық педагогикалық тәжірибені тарату, облыс мектептерінде көркем еңбекті оқытудың сапалы деңгейін арттыру.
Көрме-байқау барысында әділқазы мүшелерінің шешімі негізінде шығармашылық жұмыстары үздік деп танылып, жүлдегер педагогтер ШҚО ББ дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды:
Номинациялар бойынша жүлдегерлер:
1.«Ұлттық ою-өрнек элементтері бар халықтың нақышында тігілген киім үлгісі» номинациясы бойынша :
Бас жүлде – 1 мұғалім жеңіп алды, I дәрежелі дипломға 2 мұғалім ие болды, II дәрежелі – 2 мұғалім, III дәрежелі – 2 мұғалім;
III дәрежелі дипломдармен 3 мұғалім марапатталды;
Бас жүлде – 1 мұғалім, I дәрежелі – 2 мұғалім,
II дәрежелі – 2 мұғалім, III дәрежелі – 2 мұғалім марапатталды;
I дәрежелі – 2 мұғалім, II дәрежелі – 2 мұғалім, III дәрежелі – 2 мұғалімге дипломдар табыс етілді;
Бас жүлдені 1 мұғалім жеңіп алды, I дәрежелі – 2 мұғалім,
II дәрежелі – 2 мұғалім, III дәрежелі – 2 мұғалімге дипломдар табысталды.
Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!