
27 наурызда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапанов Дархан Бақытжанұлының төрағалығымен өткен жиынға облыстағы барлық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Кездесу барысында білім бөлімінің басшысы Чернышева И.А. «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасының орындалу барысы туралы баяндады.
ШҚО әкімдігінің терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Тұтқышев Қ.Т. облыстағы білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты анықтау және алдын алудың өзекті мәселелері талқыланды. ол туралы жаңадан құрылған Облыстық психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығының директоры Куземко Л.П. баяндап берді.
Ағымдағы жылы 6 мыңнан астам педагог жаңа ереже бойынша аттестациядан өтеді. Оқытушыларды, білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларын, әдіскерлерді аттестацияға дайындаудың негізгі мәселелерімен жиналғандарды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Б.Ж.Қозыбаева таныстырды.