Ағылшын тілін үйретуге арналған «THE BEST» мобильді қосымшасын әзірлеген Жасмин Жапарова Бас жулде дипломына ие болды

Ағылшын тілін үйретуге арналған «THE BEST» мобильді қосымшасын әзірлеген Жасмин Жапарова Бас жулде дипломына ие болды

Ағылшын тілін үйретуге арналған «THE BEST» мобильді қосымшасын әзірлеген «Ақ ниет» мектеп – интернаты» КММ тәрбиеленушісі, Өскемен қаласындағы № 15 мектептің оқушысы Жасмин Жапарова Бас жулде дипломына ие болды. Шығармашылық шеберлікті дамытуға арналған инклюзивті интернет-фестивальдің қорытындысы бойынша оның жұмысы үздік деп танылды. «Мен жаңа әлемнің жасаушысымын» фестивалі «Балаларды қорғау Күні» мерекесіне орайластырылып, оны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенттік қоры ITeacher академиясымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Бұл «Аман келешек» Республикалық инклюзивті бағдарлама аясында Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде өз бетінше оқшаулауда отырған балаларды қолдау мақсатында жүзеге асырылған жаңа жоба. Қысқа мерзім ішінде жоба жас қазақстандықтар арасында үлкен танымалдылыққа ие болды.