
2024 жылғы 26-27 наурызда Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында математика мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын арттыру мақсатында «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға республиканың ең мықты математика пәні мұғалімдерінің
22 командасы жиналды. Біздің облыс командасы 3 орынға ие болды, білім басқармасының басшысы И. А. Чернышева дипломдармен марапаттады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз:
- Әнуарбеков Тынышбек Сұлтанбекұлы, ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ;
- Семенюк Лариса Юрьевна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Октябрь орта мектебі» КММ;
- Мурзаканова Арай Кабдыловна, ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Маралды орта мектебі» КММ;
- Кованова Ирина Николаевна, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған
IT-мектеп-лицей» КММ үшінші жүлделі орынға ие болды.
Жүлдегерлерге шығармашылық табыс тілейміз!
Модератор: Г.М. Абышева, ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер әдістемелік бөлімінің жетекшісі.