
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ көктемгі демалыс мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес ағылшын тілін оқытуға әдістемелік қолдау көрсету және цифрлық ресурстармен таныстыру, практикалық идеяларды көрсету мақсатында 2024 жылдың 27 наурызында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинар өткізді.
«Classroom Management and Integrating AI in Language Teaching» семинары Oxford University Press халықаралық баспасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шарада Оксфорд университеті баспасының халықаралық шетелдік оқытушысы Айсу Шимшек (Стамбул) дәріс берді.
Семинар екі сессиядан тұрды: теориялық және практикалық бөлімдер, онда мұғалімдер нақты білім беру технологиясы бойынша тиімді әдістердің формаларымен бөлісті.Семинарда интерактивті тренингтердің тәсілдері ұсынылды, технологиялар мен коммуникациялық әдістерді қолдану, ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған веб-сайттарда жұмыс істеу құралдары іс жүзінде көрсетілді.Барлық семинар қатысушыларына іс-шараны ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.Семинарға 100 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.