
2024 жылдың 27 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін тарату мақсатында «Авторлық бағдарлама – ізденістен нәтижеге дейін» («Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының нәтижесі бойынша тәжірибе алмасу) атты семинар өткізді.
Аталған іс-шараға 60-тан астам аудандық, қалалық білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептер мен облыстың білім беру ұйымдары директорларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер қатысты.
Стеблецова Ирина Станиславовна, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Практические аспекты разработки авторской программы» тақырыбында;
Марухина Анна Викторовна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 11 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Авторская программа: шаги от задумки до релизации» тақырыбында;
Романенко Ирина Владимировна, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Как стать успешным в конкурсе авторских программ?» тақырыбында ұйымдастырылған секцияларда шебер-сыныптар өткізді.
Семинардың пленарлық отырысы барысында Кенжебаева Алма Тлеуханқызы, ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының педагогикалық тәжірибені, баспа қызметін жалпылау және таратудың әдістемелік бөлімінің жетекшісі «Педагогтің авторлық бағдарламасы, оған қойылатын талаптар» тақырыбында айтып берді.
Гатауллина Ольга Ивановна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «С. Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі «Авторская программа как педагогическое творчество» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қорытындысы ретінде кері байланыста мұғалімдер семинардың өте тиімді екенін және өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ұйымдастырушылар мен спикерлерге ризашылықтарын білдірді.