«Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауын өткізу туралы

«Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауын өткізу туралы

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: әртүрлі ұлттық, қимылды ойындарға қызығушылыққа баулу арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, мәдениетіне мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Байқау үш кезеңде өткізілді: аудандық (қалалық), облыстық, республикалық. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Өскемен қаласының № 20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайы «Тапқырлар мен ептілер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!