
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының көктемгі каникул жоспарына сәйкес 2024 жылғы 26 наурызда директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.
Семинардың мақсаты - білім сапасын арттыру бағытындағы мектепішілік бақылауды жүзеге асырудың тиімді жолдарын көрсету.
Семинар барысында Өскемен қаласының, Глубокое, Ұлан, Зайсан аудандары бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Кожикова Бакытжан Муктаровна – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 46 орта мектебі» КММ мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Мектепішілік бақылауды жүйелі жоспарлау - білім сапасын көтеру құралы»;
Ташимова Марина Петровна - ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша «А.С.Клименко атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ директоры «Внутришкольный контроль как эффективное условие управления качеством образования»;
Кубикенова Айгуль Аукешовна - ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ директордың оқу іс жөніндегі орынбасары «Мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың тиімді жолдары»;
Макарова Наталья Викторовна - ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша «Предгорный орта мектеп-балабақша кешені» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Системный подход развития профессиональных компетенций и их методическое сопровождение в рамках внутришкольного контроля»;
Спикерлер білім сапасын арттыру бағытындағы мектепішілік бақылауды жүзеге асырудың тиімді жолдарын көрсетті және мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Семинар соңында қатысушылар «1000 мектеп» жобасы аясында мектепішілік бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талдап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар берілді.
Онлайн-семинарға барлығы 100 адам қатысты.