Шуағын төккен Наурыз

Шуағын төккен Наурыз

Көптен күткен көктем мезгілімен бірге қазақстандықтардың бәрінің сүйікті мерекесі Наурыз мейрамы да келіп жетті! Бұл табиғаттың жаңаруы мен құнарлылығын ғана емес, ең алдымен рухани тазаруды, достық пен өмірге деген сүйіспеншілікті білдіреді. 22 наурыз қарсаңында ландшафт саябағының этноауылында мерекелік іс-шара өтті, бұл жерде Өскемен қаласындағы арнайы және инклюзивті мектептердің оқушылары Қыдыр ата резиденциясының ашылу салтанатына қатысты. Мереке ашық сахнадағы концертпен басталды. Әшекейленген киіз үйде қонақтар қадірлі қонақтың шығуын асыға күтті.Қыдыр ата балаларды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, жылулық пен күн шуағы әрбір шаңыраққа денсаулық, бақыт, береке әкелсін, әрі балалардың Қыдыр атаға арнап жазған армандарының орындалуын тіледі. Балалардың әрқайсысына сертификаттар мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Білім басқармасы қайырымдылық көмек көрсеткені үшін «ВОСТОКВЗРЫВПРОМ» ЖШС директоры Дмитрий Олегович Сомовқа және Жанболат Байрахметұлы Қазановқа үлкен алғысын білдіреді.
Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, келісім мен істеріңізге өркендеу тілейміз!