
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау мақсатында 2024 жылдың 19 наурызында «Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ-ң акт залында Зайсан ауданының білім бөлімімен бірлесе отырып, Зайсан ауданының білім беру ұйымдарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» және «Электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануда заң бұзушылықтардың алдын алу» тақырыптары бойынша құқықтық оқыту семинарын өткізілді. Семинар барысында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ұйымдастыру жұмысы және адам ресурстарын басқару бөлімінің бас маман-заңгері Д. Калдыбаев мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, пара алған немесе пара берген, сонымен қатар делдал болған тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілігі, электрондық цифрлық қолтаңбаны дұрыс қолдану, заң бұзушылықтың алдын алу, заңдамада көзделген жауапкершілік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.